22.05.2017, 16:56 2952

Ақмола облысыныӊ әкімі Бурабайдағы Абылай хан экспозициялық залын Ақмола облыстық тарихи-өлкентану мұражайыныӊ жәдiгерлермен толықтыруды тапсырды

Бурабайдағы Абылай хан экспозициялық залы Ақмола облыстық тарихи-өлкентану мұражайыныӊ жәдiгерлермен толығатын болады. Осындай тапсырманы бүгiн аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiӊ ауданға сапары барысында жүктедi.

Көкшетау. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Бурабайдағы Абылай хан экспозициялық залы Ақмола облыстық тарихи-өлкентану мұражайыныӊ жәдiгерлермен толығатын болады. Осындай тапсырманы бүгiн аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiӊ ауданға сапары барысында жүктедi. Сапар барысында аймақ басшысы Щучинск-Бурабай курортты аймағыныӊ жазғы демалу маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. Абылай хан мұражайында болғанында аймақ басшысы мұнда қосымша сөрелер қойып, облыстық тарихи-өлкетану мұражайыныӊ қорындағы жәдiгерлермен толықтыруды және қазiргi заманғы ақпараттық тақтайшалармен қамтамасыз етудi тапсырды.Қазiргi кезде аталмыш мұражай өз қорынан Бурабайға Ақмола облысыныӊ тұрмыс-тiршiлiгi, тарихынан сырт шертетiн 100-ге жуық жәдiгер жеткiзуге дайын. Одан әрi аймақ басшысы Бурабай кентiн көркейту бағытында қолға алынған көшелердi жөндеу және абаттандыру жұмыстарына назар аударды. "Береке" орталық базары мен жағажай аумағын туристiк маусым кезiнде тазалауды, санитарлық эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстауды және қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз етудi тапсырды. Исiресе, халық көп жиналатын аумақтарға бейнебақылау камераларын орнату қажеттiгiн атап өттi. Сонымен қатар "Риксос" қонақ үй кешенiнiӊ ЭКСПО-ға дайындығы мен Гольф клубтыӊ құрылысына көӊiл бөлдi. Айта кетейiк, курортты аймақта аумағы 130 шаршы метр гольф клубы салынып жатыр. Онда "Чемпионат" класты 18 гольф алаӊы, клаб-хаус және VIP-виллы қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны