02.05.2017, 17:17 4231

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин абаттандыру айлығы аясында жалпы қалалық сенбiлiкке қатысты

Жалпы, Көкшетау қаласы бойынша 2015 жылдан бастап аула аумақтарын абаттандыру бойынша жүйелi жұмыс жүргiзiлуде. Биыл қалалық билiк өкiлдерi 12 аула аумағында күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге ниеттi. Бұдан бөлек, биылғы жылы 16 ойын, 7 спорт алаӊы абаттандырылып, тағы 3 алаӊ салынбақ.

Көкшетау. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин абаттандыру айлығы аясында жалпы қалалық сенбiлiкке қатысып, ағаш отырғызды.

Сенбiлiк кезiнде аймақ басшысы Көкшетау қаласынан шыға берiсте Астана бағытындағы тас жолдыӊ бойында орнатылған "Құлагер" ескерткiшi ж?не "Көкшенiӊ ерке самалы" сәулет композициясыныӊ маӊында ағаш отырғызды. Оған қоса Мәлiк Мырзалин қаланы көгалдандырумен айналысатын "Жасыл ел НС" ЖШС-нiӊ питомниктерi, Васильковск ж?не Центральный шағын аудандарындағы тұрғын үйлердiӊ аулаларын абаттандыру, "Алтын ғасыр" сауда үйiнiӊ маӊындағы алаӊды жөндеу жұмыстарыныӊ барысымен танысты. Осы жерде аймақ басшысы тұрғындармен кездесiп, абаттандыру жұмыстарына қатысты пiкiрлерiне құлақ түрдi. Мердiгерлерге жөндеу жұмыстарын сапалы атқаруды тапсырды.

Еске сала кетейiк, 17 сәуiр - 20 мамыр аралығы Ақмола облысында санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру айлығы деп жарияланған болатын. Бүгiнгi күнi облыс орталығында 2 мыӊнан астам түп ағаш отырғызылды. Айлық соӊына дейiн отырғызылатын ағаш санын 3 мыӊға жеткiзу жоспарланған. Оған қоса 23 мыӊ шаршы метр аумаққа гүл егiлетiн болады.

Жалпы, Көкшетау қаласы бойынша 2015 жылдан бастап аула аумақтарын абаттандыру бойынша жүйелi жұмыс жүргiзiлуде. Биыл қалалық билiк өкiлдерi 12 аула аумағында күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге ниеттi. Бұдан бөлек, биылғы жылы 16 ойын, 7 спорт алаӊы абаттандырылып, тағы 3 алаӊ салынбақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны