08.08.2017, 19:51 4361

Ақмола облысыныӊ шекарасындағы кіреберіс белгісіне еӊ үздік эскиздік ұсыныс конкурсы жарияланды

Конкурсқа қатысуға сәулетшiлер, суретшiлер, дизайнерлер, жобалау ұйымдары, шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттiктерi мен фирмалар, сабақтас кәсiптегi мамандар, сондай-ақ шығармашылық ЖОО-ныӊ студенттерi мен бейiндi бiлiм беру мекемелерiнiӊ оқушылары және т.б. шақырылады.

Көкшетау. 8 тамыз. Kazakhstan Today - "Ақмола облысыныӊ сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ Ақмола облысыныӊ Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарымен шекарасындағы республикалық маӊызы бар жолдарыныӊ бойында кiре берiс белгiсiне еӊ үздiк эскиздiк ұсыныс конкурсын жариялайды.

Конкурсқа қатысуға сәулетшiлер, суретшiлер, дизайнерлер, жобалау ұйымдары, шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттiктерi мен фирмалар, сабақтас кәсiптегi мамандар, сондай-ақ шығармашылық ЖОО-ныӊ студенттерi мен бейiндi бiлiм беру мекемелерiнiӊ оқушылары және т.б. шақырылады.

Конкурсқа қатысушы бiр адам (автор), сондай ақ шығармашылық авторлық ұжымдар болуы мүмкiн. Конкурсқа қатысушылар ұсынған жұмыстардыӊ саны шектелмейдi.

Қатысушылар конкурстық материалдарды 2017 жылдыӊ 10 тамызынан 10 қыркүйегiне дейiн конкурс хатшылығына Ақмола облысыныӊ сәулет және қала құрылысы басқармасы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87, 209 каб. мекен жайы бойынша, немесе электронды пошта арқылы e-mail: [email protected], тел.:+7(7162) 25-51-49 ұсына алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны