01.09.2016, 11:27 3163

Ақмола облысыныӊ ұстаздары жаӊа білім беру стандарты бойынша дайындықтан өтуде

Биылғы жылы жаӊа стандарттар бойынша білім берудіӊ пәндік курстары басталды. Қазіргі таӊда 1820 мұғалім оқытылды. Курстар институт базасында ғана емес, облыстыӊ барлық өӊірінде жүзеге асырылады.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысында өӊір ұстаздарын дайындау курстары өтуде, жаӊа білім беру стандарттары бойынша пәндік курстар жүруде, деп хабарлады облыстыӊ ішкі саясат басқармасы.

"Білім берудіӊ жаӊартылған түріне көшуіне сәйкес, педагогтардыӊ біліктілігін көтеру қажеттілігі туды. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруға "Өрлеу" АҚ филиалыныӊ "Ақмола облысы бойынша педагогтардыӊ біліктілігін арттыру институты" облыс ұстаздарыныӊ біліктілігін арттыруы керек", - делінген хабарламада.

Институт Ақмола облысыныӊ курстық дайындығымен айналысады, білім берудіӊ жаӊа стандартын жүзеге асырып, педагогикалық кадрлардыӊ кәсіптік біліктілігін арттырады.

Биылғы жылы жаӊа стандарттар бойынша білім берудіӊ пәндік курстары басталды. Қазіргі таӊда 1820 мұғалім оқытылды. Курстар институт базасында ғана емес, облыстыӊ барлық өӊірінде жүзеге асырылады.

Ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, білім беру саласында әлемдік зерттеулердіӊ қорытындысы бойынша білім берудіӊ жаӊа стандартын енгізіп, жастарға білім беруді жаӊашыландыруды енгізуді қажет етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны