30.06.2018, 12:14 7159

Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында "Балалар музыка мектебі" жұмыс жасап келеді

Қазақ - қайда жүрсе де, қолынан қасиетті қара домбырасын тастамаған халық. Көӊілініӊ күйін күмбірлеген күй арқылы ұқтырып, әуелеген әуезді әнмен әспеттей білген. Құрманғазы мен Дина, Дәулеткерей мен Тәттімбеттер жанына серік еткен асыл мұрамызды бүгінде қайта жаӊғырту мақсатында Жарқайыӊ ауданында "Балалар музыка мектебі" жұмыс жасап келеді.

Көкшетау. 30 маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында ұлттық құндылығымыз, рухани байлығымыз, қасиетті домбырамызды жас ұрпаққа үйрету жұмысы жүйелі жүргізілуде, деп хабарлайды облыстық Ішкі саясат басқармасы.

Қазақ - қайда жүрсе де, қолынан қасиетті қара домбырасын тастамаған халық. Көӊілініӊ күйін күмбірлеген күй арқылы ұқтырып, әуелеген әуезді әнмен әспеттей білген. Құрманғазы мен Дина, Дәулеткерей мен Тәттімбеттер жанына серік еткен асыл мұрамызды бүгінде қайта жаӊғырту мақсатында Жарқайыӊ ауданында "Балалар музыка мектебі" жұмыс жасап келеді.

Ұлт мәдениетініӊ мәйегі саналатын саз аспабын насихаттау шарасы бойынша аудандық, облыстық байқауларға қатысып жүрген жас таланттар осыныӊ куәсі. Елу жылдық тарихы бар бұл білім ордасын осынау ширек ғасыр уақыт ішінде 600-ге жуық түлек тәмамдаған.

Бүгінгі күні домбыра сыныбында 47 жас шәкірт білім алуда.

"Домбырасыз ән қайда, домбырасыз сән қайда?" немесе "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра!" Бұл - бұрынғыныӊ мақалы. Бүгінгініӊ мақамы - батыстық азан-қазан, даӊғыр-дұӊғыр музыка екенін ешкім де жоққа шығармайды. Шыны керек, домбыра шанағынан төгілген шежірелі күй шетелдік шулы әуенніӊ тасасында қалып қойып жатыр. Сондықтан, атадан мирас болған өнеріміздіӊ өрісін кеӊейту тұрғысында Жарқайыӊ ауданында 45 жылдан астам уақыт, өнері мен өмірін киелі аспапты жас ұрпаққа үйретуге арнаған ардагер ағамыз Ахметов Аманжол Талжанұлы жайлы айтып кетуге міндеттіміз. Осы уақытқа дейін Аманжол ағамыз 420 шәкіртке домбыра үйретіп, Құрманғазы, Қазанғап, Тәттімбет, Дәулеткерейдіӊ күйлерін жас ұрпақ санасына сіӊірді. Аманжол ағамыздыӊ дарынды шәкірттерініӊ бірі, аудандық балалар музыка мектебініӊ түлегі Ил-Фараби Қайдаулов Астана қаласындағы музыка академиясыныӊ ұлт аспаптары бөлімін бітіріп, қазіргі уақытта Қазақ өнер университетініӊ синфониялық дирижер мамандығы бойынша 3 курста оқуын жалғастыруда. Ил-Фараби Астана қаласында өткізілген қысқы Азиада ойындарыныӊ ашылу салтанатында, Берлин қаласыныӊ филармониясында өткізілген "Қазақ елі классик" концерттік бағдарламасында өз өнерін көрсеткен дара таланттарымыздыӊ бірі. 2018 жылы өткен Республикалық "Мен қазақпын" байқауына қатысып, облыста өткен гала-концертте өнерін көпшілікті өнерімен тәнті етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны