09.10.2017, 13:31 4926

Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Латын әліпбиіне көшудіӊ маӊызы" атты ақпараттық сағат болып өтті

Танымды шараға облыс орталығындағы жалпы білім беретін орта мектептер мен лицейлердіӊ оқушылары және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Көкшетау. 9 қазан. Kazakhstan Today - Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Латын әліпбиіне көшудіӊ маӊызы" атты ақпараттық сағат болып өтті.

Танымды шараға облыс орталығындағы жалпы білім беретін орта мектептер мен лицейлердіӊ оқушылары және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Оқушылардыӊ пікірінше, латын әліпбиін меӊгеру аса көп қиындық тудырмайды. Өйткені, бүгінгі таӊда кез-келген оқушы үш тілді меӊгеруде. Демек, осындай қарым-қабілетпен латын әліпбиін де тез арада оқып, үйреніп кететін мүмкіндіктері бар.

- Алдағы уақытта латын әліпбиіне көшкенде төл тарихымызды төрткүл дүние тегіс танитын болады. Бізге компьютерлік жаӊа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеӊістігіне даӊғыл жол ашылады, - деп өз ойын сабақтады №1 орта мектеп-гимназиясыныӊ оқушысы Ақбота Хамзина.

Ақпараттық-танымдық сағатта кітапхананыӊ автоматтандыру және жаӊа технологиялар бөлімініӊ меӊгерушісі Андрей Шарук пен осы бөлімніӊ сектор меӊгерушісі Абылайхан Жүсіпов жиналған оқушыларға латын әліпбиіне көшудіӊ маӊызын түсіндіріп, оӊды бастаманы қолдауға шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны