27.07.2017, 20:18 4106

Ақмола облыстық балалар ауруханасына 30 жылда алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілуде

Облыстық балалар ауруханасыныӊ бас дәрігері Серік Ақшаловтыӊ айтуынша, емдеу мекемесініӊ екі корпусыныӊ күрделі жөндеу жұмыстары биыл сәуірде басталған.

Көкшетау. 27 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облыстық балалар ауруханасына 30 жылда алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілуде.- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Облыстық балалар ауруханасыныӊ бас дәрігері Серік Ақшаловтыӊ айтуынша, емдеу мекемесініӊ екі корпусыныӊ күрделі жөндеу жұмыстары биыл сәуірде басталған. Бұрын бөлімшелерде ішінара жүргізілген жөндеуге қарамастан, мұндай ауқымды қайта жаӊғырту жұмыстары аурухана ашылғаннан бергі 30 жылда алғаш рет жүргізіліп отыр,- деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінгі күні емхана ғимаратыныӊ үшінші қабаты жөнделуде. Екінші қабат жөнделгеннен кейін мұнда барлық салалық мамандар қабылдау жүргізетін болады. Алты қабатты корпустыӊ бірінші қабаты да қайта жаӊғыртылып, онда аурухананыӊ өз дәріханасы мен зертханасы орналастын болады. Төртінші қабатта жарақат бөлімі қайта жандандырылып, баспалдақ бөлігі жаӊартылады.

Сондай-ақ, жылыту жүйесі жөнделіп, су құбырлары алмастырылады. Жоба ағымдағы жылдыӊ қазан айыныӊ ортасына таман іске қосылады.

Облыстық балалар ауруханасын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 443,847 миллион теӊге бөлінген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны