07.04.2009, 15:57 2671

Ақмола облыстық соты Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабын Қазақстан Конституциясына сәйкес емес деп тану жөніндегі өтінішін кері қайтарып алды

Ақмола облыстық соты Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабын Қазақстан Конституциясына сәйкес емес деп тану жөніндегі өтінішін кері қайтарып алды

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облыстық соты Икімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 484-бабын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану жөніндегі Конституциялық кеңеске жолдаған өтінішін кері қайтарып алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Конституциялық кеңестің бүгін өткен отырысында кеңес төрағасы Игорь Рогов өтініш кеңестің отырысы басталмай тұрып қайтарып алынғандықтан, бұл өтініш конституциялық өндірістен алынады.

"Облыстық соттың Конституциялық кеңеске жолдаған өтініші - заңның аталған нормасының құқықты қолдану тәжірибесінде теріс түсінудің және оны теріс түсіндірудің кесірінен туындаған. Заңнамадағы осындай барлық "осал тұстар" не Жоғарғы сот тарапынан тиісті нормативтік түсініктемені қабылдау, не болмаса, Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабының редакциясын нақтылау жолымен жойылады", - деді кеңес төрағасы.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ИҚБтК-тің 484-бабына сәйкес көлік құралдарын пайдалану және жол жүрісі ережелерін үнемі бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту, Ақмола облыстық сотының пікірінше, бір құқық бұзушылық үшін қайтадан әкімшілік жауапқа тарту болып табылады, ал бұл Республика Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келмейді делінген-тұғын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны