20.11.2017, 18:17 4260

Ақмола облыстық "Театрдыӊ ғажайып әлемі" конкурсында Сандықтау ауданыныӊ "Стимул" театрлық ұжымы екінші орын иеленді

Конкурстық күні әділ қазылар алқасы аймақтық шығармашылық үйлерініӊ ұжымдары ұсынған 10 шығармашылық туындыны тамашалады. Бұл байқауда сандықтаулық "Стимул" театр ұжымы жүлделі екінші орынды иеленіп, дипломдармен және кубокпен марапатталды.

Көкшетау. 20 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облыстық дарынды балалармен жұмыс жасау орталығы дәстүрлі түрде байқау ұйымдастырып тұрады.

"Театрдыӊ ғажайып әлемі" атты облыстық көркемөнер байқауына қатысу сандықтаулық әртістер мен режиссердіӊ жұмысына елеулі сынақ болды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Театр - тек көрермендерге жеткен сиқырлы қиял әлемі ғана емес, сонымен қатар маӊызды жұмыс, ал кейбір жағдайларда жақсы мектеп екені анық. Сол себепті, аудандық шығармашылық үйініӊ қызметкерлері балаларға түрлі іс-шаралар ұсынуға тырысады. Осындай бағыттардыӊ бірі - КВН, сахналық шеберлік. Сандықтау ауданыныӊ аталған бағыт бойынша үйірмесініӊ жетекшісі - дарынды, жас оқытушы Ирина Климко.

Аудандық жастар жетекшімен бірлесе "Оныӊ ерлігі халықтыӊ жүрегінде" тақырыбында әйгілі тарихи тұлға Қабанбай батыр туралы қойылым дайындаған. Жас әртістер қойылымға белсенді түрде дайындалған: рөлдерді жаттаған, сахналық атрибуттар мен көрерменге көрінбейтін тағы да басқа жұмыстарды атқарған.

Конкурстық күні әділ қазылар алқасы аймақтық шығармашылық үйлерініӊ ұжымдары ұсынған 10 шығармашылық туындыны тамашалады. Бұл байқауда сандықтаулық "Стимул" театр ұжымы жүлделі екінші орынды иеленіп, дипломдармен және кубокпен марапатталды.

Өз кезегінде, театр ұжымы осы нәтижеге қол жеткізуде еӊбегі сіӊген әрбір жерлестеріне алғыстарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны