24.01.2019, 18:04 6525

Ақмола теміржолшылары Астана станциясыныӊ өткізу қабілетін жақсартты

Енді транзиттік пойыздар белгіленген пунктіне Астана станциясына тоқтамай-ақ бара береді. Пойыздар Атбасар станциясынан Екібастұз-1 станциясына дейін (530 км), Ерейментау станциясынан Атбасар станциясына дейін (369,1 км), Бурабай курортынан Екібастұз станциясына дейін (532 км) барады.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақмола теміржолшылары кепілдендірілген учаскелердіӊ ұзарту технологиясын қолданып, Астана станциясыныӊ өткізу қабілетін жақсартты.

Енді транзиттік пойыздар белгіленген пунктіне Астана станциясына тоқтамай-ақ бара береді. Пойыздар Атбасар станциясынан Екібастұз-1 станциясына дейін (530 км), Ерейментау станциясынан Атбасар станциясына дейін (369,1 км), Бурабай курортынан Екібастұз станциясына дейін (532 км) барады. Пойыздарды Ерейментау және Бурабай курорты локомотив деполары басқарады.

Бұған дейін Астана станциясында локомотив бригадаларын, локомотивтерді, вагондарды тіркеу-алып тастау бойынша технологиялық операциялар жүргізілетін еді. Бұған 1,7 сағат кететін.

Кепілдендірілген учаскелерге технологиялық ұзарту енгізілгеннен кейін транзит вагоныныӊ тұрып қалуы 0,5 сағатқа қысқарып, бөлімшелер бойынша жалпы вагондар айналымы артып 12,5 сағатқа жетті.

Транзитті пойыздарды тоқтатусыз өткізу Астана станциясында жүк пойыздарын жөнелту, қабылдау бойынша жұмыстар жүктемесін төмендетті. Толықтай алғанда бұл станцияныӊ өткізу мүмкіндігін жақсартты.

Кепілдендірілген учаскелерді ұзарту технологиясыныӊ арқасында вагондар айналымы уақыты кеміп, техникалық және учаскелік жылдамдық, локомотивтердіӊ өнімділігі жақсарды.

Теміржолшылар технологияларды енгізу Жүк тасымалы Ақмола бөлімшесініӊ сапалық көрсеткіштерін жақсартқандығын және негізгі бағыттарға пойыздарды өткізу оӊтайландырылғандығын атап көрсетуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны