05.02.2015, 10:07 4082

Ақпанныӊ 5-і күні таӊға жуық Қытай аумағында екі рет жер сілкінді

5-і ақпан күні Алматы уақыты бойынша таӊғы сағат 04-58-де және 05-05-те жер сілкінді. Зілзаланы "ҚР БҒМ ҰК СТИЭ" ММ-ніӊ сейсмикалық стансаларыныӊ желісі тіркеді

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - 5-і ақпан күні Алматы уақыты бойынша таӊғы сағат 04-58-де және 05-05-те жер сілкінді. Зілзаланы "ҚР БҒМ ҰК СТИЭ" ММ-ніӊ сейсмикалық стансаларыныӊ желісі тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірінші жер сілкінісініӊ ошағы Алматы қаласынан оӊтүстік-шығысқа қарай 397 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы - 10.2, магнитудасы - 4,8. Тереӊдігі - 5 шақырым, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Таӊғы сағат 05-05-тегі зілзала ошағы да Алматыдан оӊтүстік-шығысқа қарай 386 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды.

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы - 9.5, магнитудасы - 4,4. Тереӊдігі - 5 шақырым.

Жер асты дүмпулері сезілген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны