10.01.2012, 11:17 3538

АҚШ қалаларының бірінде қалың жауған қар салдарынан ТЖ жарияланды

Аляскада орналасқан Кордова қаласында үздіксіз және қалың жауған қардың салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Қалада қардың деңгейі 1,5-тен 4,6 метрге дейін жетті.

Алматы. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - АҚШ қалаларының бірінде қалың жауған қар салдарынан ТЖ жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Аляскада орналасқан Кордова қаласында үздіксіз және қалың жауған қардың салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Қалада қардың деңгейі 1,5-тен 4,6 метрге дейін жетті.

Қалада тіршілік қар құрсауында қалды. Кордова тұрғындары мұндай желқұзға соңғы 30 жылда бірінші рет тап болып отырғандарын айтты.

Штат билігі жолдар мен үйлердің шатырын қардан тазалау үшін АҚШ ұлттық гвардиясының 70 әскерін жінелтті. Сондай-ақ тығырықтан шығу үшін қалаға тағы да қар тазалау техникасын жіберу жөнінде шешім қабылданды. Себебі жергілікті техникалық күш толассыз жауған қармен күресуге әлсіздік танытып отыр. Жағдайды 2 мыңға жуық халқы бар қалаға кіретін құрғақ жолдың болмауы күрделендіріп отыр. Онда тек кеме немесе ұшақпен ғана жетуге болады. Кордова мен әуежайды жалғайтын жалғыз жолды қар көшкіні күрмеп тастаған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны