31.07.2013, 13:05 21831

АҚШ қазақстандықтарға бес жылға виза бере бастамақ

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі 1 тамыздан бастап қазақстандықтарға бірден бес жылға дейінгі мерзімге виза бере бастайтын болды. Елшілік таратқан хабарламада виза АҚШ пен Қазақстан үкіметінің ортақ келісімі негізінде дипломатиялық, қызметтік, іскерлік, туристік, студенттік және басқа да мақсаттарда визалар беріле бастайтыны айтылған.

Астана. 31-шілде. Kazakhstan Today - АҚШ қазақстандықтарға бес жылға виза бере бастамақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі 1 тамыздан бастап қазақстандықтарға бірден бес жылға дейінгі мерзімге виза бере бастайтын болды. Елшілік таратқан хабарламада виза АҚШ пен Қазақстан үкіметінің ортақ келісімі негізінде дипломатиялық, қызметтік, іскерлік, туристік, студенттік және басқа да мақсаттарда визалар беріле бастайтыны айтылған.

Іскерлік, туристік, студенттік визалар мен БАҚ өкілдеріне берілетін виза құны 160 АҚШ доллары тұрады. Ал дипломатиялық, қызметтік визалар және АҚШ үкіметі қаржыландыратын бағдарламаға қатысушыларға берілетін виза бұрынғыдай тегін беріледі. Виза алғысы келетіндерге қойылатын талаптар мен виза беру тәртібі өзгермейді.

Қазақстан мен АҚШ арасында азаматтарға бес жылдық визаларды көп рет беру туралы келісім шілденің басында күшіне енген еді. Бұған дейін екі ел бір-бірінің азаматтарына тек бір жылға жарайтын көп реттік визаларын беріп келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны