17.05.2012, 15:16 3254

АҚШ "Терминатордың" актері із-түзсіз жоғалып кетті

"Терминатор-3" фильмінде жас Джон Коннордың ролінде ойнаған голливудтық актер Ник Стал хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Дүйсенбі күні актердің зайыбы Лос Анжелес полициясына жарының жоғалып кеткенін айтып шағым түсірген.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today АҚШ "Терминатордың" актері із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Терминатор-3" фильмінде жас Джон Коннордың ролінде ойнаған голливудтық актер Ник Стал хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Дүйсенбі күні актердің зайыбы Лос Анжелес полициясына жарының жоғалып кеткенін айтып шағым түсірген.

Розана Сталдың айтуынша 9 мамырдан бері жұбайы үйге оралмаған. Бұған дейін актер есірткіге байланысты бірнеше мәрте полиция назарына іліккендіктен, оның жолдастары қазір актердің жағдайына алаңдап отыр. Yтро.ru. TMZ.com сілтеме жасап, Стал соңғы уақытта Лос Анжелестің жұпыны ауданында жиі болатынын хабарлайды.

Ник Стал "Белгісіз жан", "Жіңішке қызыл жолақ" және тағы да басқа ондаған фильмдерге түскен. Бірақ "Терминатор" фильмінің үшінші бөлімінде Джон Коннордың рөлін ойнауы оған атақ пен даңқ алып келді.

"Терминатор-2" фильмінде жас Джон Коннордың рөлін сомдаған Эдвард Ферлонг есірткіге әуестеніп кеткендіктен, атақты фильмнің жалғасында бұл рөлді ойнау Ник Сталға берілген еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны