12.03.2012, 16:49 3876

АҚШ жауынгері 16 бейбіт тұрғынды атып өлтірді

Америкалық жауынгер 16 бейбіт тұрғынды атып өлтіргеннен кейін, Ауғанстандағы АҚШ әскерінің дайындығы күшейтілді.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - АҚШ жауынгері 16 бейбіт тұрғынды атып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Америкалық жауынгер 16 бейбіт тұрғынды атып өлтіргеннен кейін, Ауғанстандағы АҚШ әскерінің дайындығы күшейтілді.

Жексенбі күні Кандагар қаласының маңында қызмет ететін бір сарбаз жақын маңдағы елді мекенге барып, үш үйдің тұрғынын атып тастаған. Қаза тапқандардың арасында 9 бала мен әйелдер болған. Осыдан кейін ол АҚШ әскерінің қолына өзі беріліп, қамауға алынды. Қанды қырғынды жасаған жауынгердің жүйкесі тозғаны хабарланды.

Бұл оқиға туралы белгілі болғаннан кейін, Кандагардағы АҚШ әскери базасы маңында наразы адамдар жинала бастады. Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ әскерін қасақана кісі өлтіруде айыптап, бұл кешірімі жоқ қылмыс деп атаған. Телефон арқылы Карзаймен байланысқан АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстан халқына көңіл айтып, осы зұлымдыққа айыптыны жауапқа тартуға уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны