18.11.2015, 10:35 3195

АҚШ-тан ұшып шыққан Air France-тыӊ қос ұшағы бағытын өзгертуге мәжбүр болды

Лос-Анджелестен Францияға ұшып шыққан ұшақ бортта бомба болуы мүмкін деген дабылмен Солт-Лейк-Сити халықаралық әуежайына шұғыл қонды.

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Air France әуекомпаниясыныӊ АҚШ-тан Парижге аттанған қос ұшағы бағытын өзгертіп, шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Лос-Анджелестен Францияға ұшып шыққан ұшақ бортта бомба болуы мүмкін деген дабылмен Солт-Лейк-Сити халықаралық әуежайына шұғыл қонды. Ұшақ бортында 497 жолаушы болған. Ал Вашингтоннан Парижге бет алған Boeing 777 де Галифакс әуежайына шұғыл келіп қонды. Бұл ұшақтыӊ бортында 298 жолаушы болған. Соӊғы мәліметтерге сай, қос ұшақ та сәтті қонып, жолаушылар тез арада эвалуацияланды. Қазір билік өкілдері келіп түскен борттағы жарылғыш зат туралы хабарламаны тексеруде, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны