13.07.2016, 19:07 4120

АҚШ-тыӊ мамандары ҚР ҚК-ніӊ нұсқаушы сержанттарын оқытудыӊ озық курсын өткізуде

Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусыныӊ базасында нұсқаушы сержанттарды оқытудыӊ озық әдістемесін зерделеу бойынша білім беру курсы басталды

Астана. 13 шілде. Kazakhstan Today - Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусыныӊ базасында нұсқаушы сержанттарды оқытудыӊ озық әдістемесін зерделеу бойынша білім беру курсы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Америка Құрама Штаттарыныӊ 6 жоғары білікті маманы Қазақстанныӊ әскери жоғары оқу орындарыныӊ оқытушыларымен бірлесе ҚР Қарулы Күштерініӊ оқу-жаттығу орталықтары және жоғары оқу орындарыныӊ сержанттарымен 200-ге жуық сағат теориялық және практикалық сабақтар өткізеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Практикалық сабақтар оқып-үйренушілердіӊ дәрістерде алған теориялық білімдерін тереӊдету, белгілі бір лауазымды тұлға рөлінде бөлімшелерді басқару мәселелері бойынша олардыӊ шеберліктерін, сондай-ақ, функционалдық міндеттерді орындауда сержанттардыӊ практикалық машықтарын жетілдіру мақсатында өткізіледі. Оқыту үдерісініӊ бөлігі рөлдік қойылымдар түрінде өтеді. Онда өзініӊ кәсіби қызметінде нұсқаушы сержанттыӊ тап болуы ықтимал еӊ күрделі жағдайлар ойнатылады.

Бұл американдық мамандардыӊ Кадет корпусына алғаш келуі емес екенін айта кеткен жөн. Нұсқаушы сержанттарды дайындаудыӊ баламалы курсын олар өткен жылы Қазақстан Республикасы мен АҚШ Қарулы Күштерініӊ әскери байланысы жоспарына сәйкес өткізді. Одан басқа, бұдан бұрын ҚР ҚК-ніӊ сержанттар құрамын жетілдіру жөніндегі симпозиумда АҚШ-тыӊ әскери-әуе, әскери-теӊіз және өзге де әскери базаларында екі елдіӊ Искери-әуе және Искери-теӊіз күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери полиция арасында зерделеу және тәжірибе алмасу бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны