31.01.2013, 13:57 6398

АҚШ-тың шығысында торнадо тұрды

Джорджио штатында қатты жел жүк көліктерін де ұшырып әкеткен. Осы штаттағы Эдейрсвиль қалашығында бір адам құрбан болса, екінші адам Тенесси штатында ағаштың астында қалып мерт болды. Дауыл салдарынан Атланта қаласының халықаралық әуежайы уақытша жабылып, кейбір аймақтарда төтенше жағдай жарияланды.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - АҚШ-тың шығыс және оңтүстік-шығысындағы 6 штатта соңғы екі күнде 20 торнадо тұрып, екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, мыңдаған адам жарықсыз қалды.

Джорджио штатында қатты жел жүк көліктерін де ұшырып әкеткен. Осы штаттағы Эдейрсвиль қалашығында бір адам құрбан болса, екінші адам Тенесси штатында ағаштың астында қалып мерт болды. Дауыл салдарынан Атланта қаласының халықаралық әуежайы уақытша жабылып, кейбір аймақтарда төтенше жағдай жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны