27.09.2007, 12:06 2973

Ақтау қаласында "Арай" атты әлеуметтік-серіктестік бағдарламасының жеңімпаздары анықталды

Ақтау қаласында "Арай" атты әлеуметтік-серіктестік бағдарламасының жеңімпаздары анықталды

Мәскеу. 27-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында облыс әкімшілігімен бірлесе отырып «ЛУКойл Оверсиз» іске асырған "Арай" әлеуметтік-серіктестік бағдарламасының жеңімпаздарына салтанатты түрде сертификат тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "ЛУКойл Оверсиз" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, рәсімге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Михаил Бортник, облыстық әкімшіліктің өзге де ресми тұлғалары, "ЛУКойл Оверси"» және муниципалдық билік өкілдері қатысқан.

2007 жылдың шілде-тамыз айларында "ЛУКойл Оверсиз" облыстың Түпқараған және Маңғыстау аудандарының тұрғындарынан тиісті өтініш қабылдаған. Грантқа үміткерлікке 200-ден астам өтініш түскен. Арнайы комиссияның талқылау қорытындысы бойынша 32 жоба жеңімпаз деп танылған.

"Үздік жобалардың қатарында тігін цехын, нан пісіру, шаштараз, автосервис және компьютерлік орталық, мал шаруашылығы және соның өнімдерін өндіру, жеміс-жидек өсіру, сондай-ақ, шығармашылық ұжым құру және интеллектуалдық олимпиада ұйымдастырулар бар", - деп атап көрсетілген компания таратқан хабарламада.

"Грант қорының жалпы көлемі 150 000 АҚШ долларын құрап отыр. Қаражатты аудару қазанның басында басталады. Бәйге жеңімпаздары бір айдың ішінде өз жобаларын өтініш берілген мақсатта пайдалана бастаулары тиіс", - дейді баспасөз қызметі.

"Арай" жобасы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін, олардың шағын кәсіпкерлік, мәдениет, білім беру және спорт салаларындағы бастамаларын қаржылық қолдау арқылы шешуге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны