22.02.2010, 15:56 3792

Ақтау қаласында "KazTransCom" АҚ телекоммуникациялық компаниясының жаңа кеңсесі ашылды

Ақтау қаласында "KazTransCom" АҚ телекоммуникациялық компаниясының жаңа кеңсесі ашылды

Алматы. 22 ақпан. Kazakhstan Today - 2010 жылы 16 ақпанда Маңғыстау облысының орталығы - Ақтау қаласында "KazTransCom" АҚ телекоммуникациялық компаниясының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шараға KazTransCom АҚ-тың клиенттері мен серіктестері болып табылатын ірі қазақстандық компаниялардың, мемлекеттік органдарының, сондай-ақ жетекші байланыс операторларының және аймақтық БАҚ өкілдері қатысты. Қонақтар Ақтау қаласының 14 ықшамауданы, 36 А ғимаратта, "Көрме орталығы" бизнес-орталығында орналасқан жаңа кеңседе қабылданды. Жаңа кеңсенің тұсаукесері аясында "KazTransCom" АҚ басшылығы мемлекеттік органдарының, клиенттер мен серіктестердің, байланыс операторлары және аймақтық БАҚ өкілдерімен пресс-конференция өткізді.

Ақтау қаласындағы жаңа кеңсенің ашылуы - бұл компанияның осы аймақта дамып өрлеуінің тағы бір қадамы. Компанияның беделдік саясатына сәйкес, Маңғыстау филиалы жаңа кеңсесінің індеті - облыс аймағындағы серіктестік байланысты одан әрі кеңейту, ірі корпоративтік клиенттермен өзара арақатынасты жалғастыру мен нығайту ғана емес, сонымен бірге әрбір пайдаланушыға компанияның қызметін етене таныстыру болып табылады. "KazTransCom АҚ-тың Маңғыстау филиалы телекоммуникация қызметінің аясын кеңейтуге, сату жүйесін одан әрі жақсартуға, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жетілдіруге басымдылықты ден қойып отыр.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "KazTransCom" АҚ - Қазақстан Республикасы аумағында жоғары технологиялық байланыс қызметін көрсететін замануи телекоммуникациялық компания. "КаспийМұнайБайланыс" АҚ, "Ақтөбнефтесвязь" АҚ және "Байланыс" АҚ компанияларының бірігуі арқылы 2001 жылы құрылған "KazTransCom" Акционерлік Қоғамы негізін қалаушы кәсіпорынның терең тарихи сабақтастықтарын сақтай отырып, телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін өз жұмысына белсенді енгізуде.

"KazTransCom" АҚ Республиканың қазіргі заманға сай коммуникациялық инфрақұрылымын құру сияқты мемлекеттік міндеттерді орындай отырып, Қазақстанның көптеген аумақтарына құндытелекоммуникациялық жобаларды жүзеге асырады. Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе, Астана, Алматы, Павлодар қалаларында компанияның филиалдары ашылып, табысты жұмыс жүргізіп жатыр. Компанияның инфрақұрылымдық байланысына: жоспарланған инвестициялық жобалар іске асырылғаннан кейін, ұзындығы 11 мың шақырымға жететін "KazTransCom" АҚ-тың магистральді кабельді желісі; Қазақстан аймағын толықтай қамтамасыз ететін жүздеген спутниктік стансалары, соның ішінде ең ірі клиенттердің корпоративтік желілері: "ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ, "Интергаз Орталық Азия" АҚ, "ҚазТрансОйл" АҚ кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны