12.03.2007, 10:17 2648

Ақтауда әлеуметтік әріптестік туралы үш жақты келісімге қол қойылды

АҚТАУ.12-наурыз. Kazakhstan Today. Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық кәсіподақ ұйымдарының бірлестіктері мен өңірдегі жұмыс берушілер қауымдастығы әлеуметтік әріптестік туралы 2007-2008-жылдарға арналған үш жақты келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Құжат мемлекет басшысының халыққа жолдаған жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін тараптардың конструктивті ықпалдастығын орнату мақсатында әлеуметтік әріптестік туралы заңға сәйкес дайындалған.

Қол қою рәсімінде атап көрсетілгеніндей, келісім облысты экономикалық және әлеуметтік дамыту жөніндегі мақсатты әрі кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруға түрткі болуға, және облыс бюджетін қалыптастыру кезеңінде оларды қаржымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, тұрақтылықты сақтау мен тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған. Тараптар өңір экономикасын, кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті бірлесе дамытуға, еңбек нарығын қалыптастыруға келісті.

Сонымен бірге құжат еңбек қатынастары жүйесін дамытуға, кедейлік пен жұмыссыздықты азайтуға бағытталған біртұтас және атаулы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға, еңбек қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; кедейлік пен жұмыссыздықты азайтуға және халықты әлеуметтік қорғау саласын одан әрі реформалауға; халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; еңбекке қатысты ұжымдық шиеленістердің алдын алуға бағытталған.

Маңғыстау облыстық әкімшлігі , облыстық кәсіподақ ұйымдарының бірлестіктері мен өңірдегі жұмыс берушілер қауымдастығы барлық меншік түрлері нысанындағы кәсіпорындарда ұжымдық және тарифтік келісім-шарттарын жасасуға, сонымен қатар еңбек ұжымдарына әлеуметтік әріптестік принциптерін дамытуға септігін тигізуге уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны