12.12.2013, 19:15 2760

Ақтауда ішкі істер органдарының қызметкерлеріне автокөліктер мен пәтер кілттері табысталды

"Мемлекет пен қоғам тәртіпсіздікке нөлдік төзбеушілік қағидатымен қатарлар жүруі тиіс. Ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеу атмосферасы - қоғамдық қауіпсіздік, қылмыспен күресті нығайтуда үлкен рөл атқарады", - деді ІІМ бірінші орынбасары Марат Демеуов.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. Ақтау қаласында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне 95 қызметтік автокөліктің және 120 қызметтік пәтердің кілттері табыс етілді, деп Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қызметтік автокөліктерге қаражат жергілікті бюджет есебінен бөлінді", - делінген хабарламада.

"Мемлекет пен қоғам тәртіпсіздікке нөлдік төзбеушілік қағидатымен қатарлар жүруі тиіс. Ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеу атмосферасы - қоғамдық қауіпсіздік, қылмыспен күресті нығайтуда үлкен рөл атқарады", - деді ІІМ бірінші орынбасары Марат Демеуов.

Бұл бірінші кезекте тұрмыстық жағдайға байланысты. Тұрақты тұрғын үйдің болуы полиция қызметкерінің өзінің функционалдық міндеттерін табысты атқаруына әсер етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны