06.10.2011, 14:29 4189

Ақтауда "Каспий теңізінің экономикалық әлеуеті" ІІІ халықаралық экономикалық көрмесі өтіп жатыр

"Көрмеге Қазақстан, Иран, Изербайжан және Ресей елдерінің құрылыс, мұнай, сауда, туристік, сервистік және тау-кен өнеркәсібі салаларында қызмет ететін 40-тан аса компанияның өнімі ұсынылды", - делінген облыс әкімдігінің таратқан ақпаратында.

Ақтау. 6-қазан. Kazakhstan Today - Ақтауда "Каспий теңізінің экономикалық әлеуеті" ІІІ халықаралық экономикалық көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтауда "Каспий - достық теңізі" Vхалықаралық фестивалінің аясында "Каспий теңізінің экономикалық әлеуеті" ІІІ халықаралық экономикалық көрмесі өтуде. Бұл туралыМаңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

"Көрмеге Қазақстан, Иран, Изербайжан және Ресей елдерінің құрылыс, мұнай, сауда, туристік, сервистік және тау-кен өнеркәсібі салаларында қызмет ететін 40-тан аса компанияның өнімі ұсынылды", - делінген облыс әкімдігінің таратқан ақпаратында.

Көрмеге қатысушылардың міндеті - өз елдерінің экономикалық әлеуетін көрсету. Экспозициялардың алуандығы Каспий аймағындағы экономиканың қарқынды дамып отырғанын, сыртқы экономикалық байланыстардың кеңейгенін, маңғыстаулық компаниялар мен Каспий маңы елдерінің компанияларына деген қызығушылықтың артып отырғанын дәлелдейді.

Көрме ұйымдастырушыларының пікірінше, "осындай шаралардың арқасында Каспий маңы елдерінің арасындағы сенім деңгейі артып, аймақтық ынтымақтастықтың барлық салаларындағы байланыстар кеңейеді. Бұл - Каспий маңы мемлекеттерінің арасында идея, тәжірибе алмасудың тағы бір тетігі", - дейді көрменің ұйымдастырушылары.

Сондай-ақ, шараның аясында Каспий маңы елдерінің өзара тиімді интеграциясына арналған "Каспий маңы аймақтары ынтымақтастығының перспективалары" деген тақырыптағы дөңгелек үстел өтті.

Шараға Қазақстан, Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы мен Изербайжанның мемлекеттік және бизнес-құрылымдарының 200-ге тарта өкілі қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны