13.12.2012, 18:22 15136

Ақтауда Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясы өтті

12 желтоқсанда Ақтауда облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Бауыржан Мұхамеджановтың қатысуымен Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясы болып өтті.

Ақтау. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтауда Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

12 желтоқсанда Ақтауда облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Бауыржан Мұхамеджановтың қатысуымен Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясы болып өтті.

Ассамблея сессиясының жұмысына оның 92 мүшесі, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, облыстық және территориялық басқармалар мен департаменттер, мемлекеттік мекемелер басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

"Осы жылдар бойы елімізде Қазақстанның біртұтас халықтарының әр алуандығында бір де бір этнос өзінің айқын мәдени дербестігін жоғалтып алмауы үшін жүйелі және мақсатты бағытталған түрде шаралар қолданылды. Бұл мәселеде Маңғыстау облысының 20 этномәдени бірлестігін біріктіретін "Халық келісімі" қоғамдық бірлестігі үлкен рөл ойнады. Биылғы жылы оған 20 жыл толды", - деп атап өтті өз баяндамасында Бауыржан Мұхамеджанов.

Сессияға қатысушылар облыс әкімінің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын тексеру орталығын құру және үкіметтік емес сектордың денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа қарсы күреске қатысуы жөніндегі ұсынысын қолдады. Өңір басшысы баспана мәселесіне және облыста геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне жеке тоқталып өтті. Сондай-ақ әкім үкіметтік емес секторды қаржыландыруды арттыру қажеттілігін атап көрсетті.

"Жерімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтап қалу үшін 1992 жылы "Халық келісімі" қоғамдық бірлестігін құру шешілді және "Парасат" қазақ қозғалысы оның "жүрегіне" айналды. Оны құру бастамашыларының бірі Ақтау қаласының құрметті азаматы Жаздырхан Сейдалиев пен Ассамблеядан ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Мұратов болды. 1994 жылы бізің өңірде жұмыс сапарымен болған Президент "Халық келісімінің" кеңсесінде болып, оның жұмысына жоғары баға берді. Ол ел ауқымында осындай бірлестік құру қажеттілігі жөніндегі пікірін білдірді. 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Біз мерейтойымызға және қол жеткізген жетістіктерімізге қуаныштымыз", - деді "Халық келісімі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаев.

Өңір басшысы Бауыржан Мұхамеджановқа "Халық келісімі" қоғамдық бірлестігінің 20-жылдығына орайластырылған медаль тапсырылды. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен "Алан" осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Фатима Биркле марапатталды, Қр Президентінің Алғыс хаты "АЛА-ТОО" қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрбанәли Ғазибековке тапсырылды. Бұл күні облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына тағы 13 адам ие болды.

Өткен сессияда Маңғыстау облысы қазақстан халқы Ассамблеясына қатысушылардың атынан өңір тұрғындарына жыл сайынғы үндеуі қабылданған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны