06.06.2011, 13:52 3505

Ақтауда мұнайшыларды қолдау акциясы барысында полиция 37 адамды қамауға алды

"Екі қатысушы К.Сейсенбаев пене Е.Кәрiмов ашықтан-ашық дене мүшесiн зақымдау әрекетінен кейiн облыстық ауруханаға жеткізілді,- деп хабарлайды прокуратура.

Ақтау. 6 - маусым. Kazakhstan Today - Көтеріліске шыққан Қаражмбасмұнай жұмысшыларымен ортақ тіл табысу мүмкін болмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтауда, 5 маусымда, "Қаражанбасмұнай" АҚ-ның еншiлес кәсiпорнының екi қызметкерi наразылық белгiсi ретiнде дене мүшесiн зақымдаған. Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметi хабарлайды.

"Екі қатысушы К.Сейсенбаев пене Е.Кәрiмов ашықтан-ашық дене мүшесiн зақымдау әрекетінен кейiн облыстық ауруханаға жеткізілді,- деп хабарлайды прокуратура.

"Оларға қажеттi медициналық көмек көрсетілді, екеуінің де денсаулық жағдайы қалыпты", - деп атап өтілген баспасөз парағында.

Прокуратура хабарлағандай, 5 маусымда шамамен 150 адам, "АрғымақТрансСервис" ЖШС-ның ("Қаражанбасмұнай" АҚ-ның еншiлес кәсiпорны- BNews.kz АА) негізгі қызметкерлері Н.Соколовты тұтқыннан босатып, Қаражанбас кен орнындағы заңсыз ереуілмен байланысты жұмыстан босатылған жұмысшыларды қайта қызметке алуды талап етіп, Ақтау қаласындағы 28-шi шағын аудандағы автостансадан Ынтымақ алаңына дейін заңсыз шеру жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны