24.12.2015, 11:26 4854

Ақтауда пара алды деп айыпталған шенеуніктер кепілақшамен бостандыққа жіберілді

Ақтауда "пара алды" және "пара берді" деген күдікпен қамауға алынған ревизор мен қала әкімініӊ орынбасары кепілдемемен бостандыққа шықты. Қасым Саналиев пен Юрий Дирр кепілдікке баспаналарын қойған

Ақтау. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтауда "пара алды" және "пара берді" деген күдікпен қамауға алынған ревизор мен қала әкімініӊ орынбасары кепілдемемен бостандыққа шықты. Қасым Саналиев пен Юрий Дирр кепілдікке баспаналарын қойған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Имірғали Жанаев, Маӊғыстау облыстық прокуратурасы басқарма бастығыныӊ орынбасары:

-Оныӊ үстіне Диррдіӊ осыған дейін ауырып, бір жақ бүйрегін ота жасап айрылғанын, оныӊ әруақытта дәрі дәрмек ішіп, өзін күту қажеттігін, сонымен бірге оныӊ бұрын қылмыс жасамағанын, қылмыстық әрекетін мойындағанын, отбасы жағдайын ескере келіп, бас шарасын кепіл қолданған деп шештік, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Ал Маӊғыстау облыстық ревизиялық комиссияныӊ төрағасы Мақсат Нысанбаев пен оныӊ мүшесі Арман Именов сот шешімімен 2 ай қамауда отыратын болды. Бұл төрт шенеунік те 19-желтоқсан күні пара алу үстінде құрықталған. Ревизорлар Юрий Дирр қала әкімініӊ орынбасары болғанға дейін 18 жыл бойы басқарған Абай мәдениет үйін жөндеуге бөлінген қаржыныӊ жұмсалуынан кінәрат тапқан болатын. Сөйтіп оныӊ қылмысын жасыру үшін 2 миллион теӊге сұраған. Егер ревизорлардыӊ пара алғаны дәлелденсе, олар 15 жылға, ал пара берген қала әкімініӊ орынбасары 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ Диррдіӊ бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсағанын анықтау үшін де бөлек тергеу жүріп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны