21.08.2006, 14:11 3030

Ақтауда рұқсат етілмеген митингіге қатысушыларды тәртіп сақшылары қуып таратты; бірнеше адам ұсталды

АҚТАУ. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Ақтауда рұқсат етілмеген митингіге қатысушыларды тәртіп сақшылары қуып таратты; бірнеше адам ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше қаланың "Ынтымақ" деп аталатын орталық алаңында рұқсат етілмеген митинг өткізуге әрекет жасалған. Икімшіліктің мәліметіне сәйкес, жексенбі күні кешкісін алаңда "10-15 адамнан құралған" шағын топ жиналған. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жиналғандар қандайбір саяси немесе басқадай талап қоймаған". Дегенмен, баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, "рұқсат етілмеген митингіге қатысушы кейбіреулер "Маңғыстаумұнайгаз"ААҚ-ның іс-қызметіне, атап айтсақ, жалақының төмендігіне, жұмыс істеуге жағдайлар жасалмауына және дивидендтің төмендігіне қатысты шағымданған".

Артынан шараға қатысушылардың қарасы 150-200 адамға жетті. Икімшіліктің хабарламасына сәйкес, ІІД мен облыстық прокуратураның басшылығы митингіні тоқтатуды талап етті. Бұдан кейін тәртіп сақшылары шараға қатысушыларды алаңнан ығыстырып шығарған. Қалалық әкімшіліктің мәліметіне сәйкес, "рұқсат етілмеген митингіге қатысушылардың арасынан жиналғандарды бұзақылық әрекеттерге үндеп жүрген ең белсенді 17 адам ұсталды".

"Ығыстыру шарасының барысында арнаулы құралдар қолданылған жоқ, ал тәртіп сақшылары арнаулы қорғаныс киімдерін киіп қаруланған жоқ", деп сендіреді әкімшілік.

Ондағылардың хабарлауынша, "митингіге қатысқан жекелеген жастардың шағын топтары аулаларға қарай ығысып барып, сол жерлерде сойқан салмақ болғанымен, ондай әрекеттерге дер кезінде тосқауыл қойылды".

Икімшіліктің ақпаратына сәйкес, қазір қаладағы қызметтер қалыпты тәртіппен жұмыс істеуде, ұсталғандардың бір бөлігі аты-жөні анықталғаннан кейін босатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны