24.04.2017, 15:50 4529

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Қызылорда облысы Арал аудандық мәдениет орталығы өнерпаздарыныӊ ұйымдастыруымен "Аралым айдын шалқарым" атты концерт-кеші өтті

Ырғыз халқы Арал топырағынан шыққан шайырлар мен дүлдүлдердіӊ жырларымен, айдынды Арал өнерпаздарыныӊ жыр-маржанынан сусындады.

Қызылорда. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Қызылорда облысы Арал аудандық мәдениет орталығы өнерпаздарыныӊ ұйымдастыруымен "Аралым айдын шалқарым" атты концерт-кеші өтті.

Кешке Арал ауданы әкімініӊ орынбасары Р.Өтешов қатысып, Ырғыздық өнер сүйер қауымға ыстық лебізін білдірді.

Арал аудандық ардагерлер делегациясыныӊ мүшелері А.Үмбетов пен И.Иуезовтіӊ және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімініӊ басшысы Т.Дәрменовтіӊ қатысуымен өткен кеш екі аудан арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Ырғыз халқы Арал топырағынан шыққан шайырлар мен дүлдүлдердіӊ жырларымен, айдынды Арал өнерпаздарыныӊ жыр-маржанынан сусындады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны