14.09.2016, 13:08 3450

Ақтөбе облысында 1500 тұрғыны бар ауылдық аймақ газбен қамтамасыз етілді

Алға ауданыныӊ Үшқұдық ауылдық округініӊ 1500 тұрғыны бар үйлері газдандырылды, деп хабарлады Ақтөбе облысыныӊ әкімдігі.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алға ауданыныӊ Үшқұдық ауылдық округініӊ 1500 тұрғыны бар үйлері газдандырылды, деп хабарлады Ақтөбе облысыныӊ әкімдігі.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша, аймақта тұрғындардыӊ ауқаттылығын көтеру үшін шаралар қабылдануда: сумен жабдықтау, ауылдық бекеттерді газбен жабдықтау жұмыстары атқарылуда. Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін облыстыӊ барлық аудандық орталықтарын газбен жабдықтауды жоспарлаудамыз, ал бірнеше жылдан кейін көгілдір отын барлық елді мекендерге таратылатын болады",-деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Үшқұдық ауылдық округтіӊ құрамына 3 елді мекен кіреді. Оныӊ ішінде Үшқұдық ауылы еӊ ірісі болып табылады. Ол жерде 1165 адам тұрады. Ауылдық округ 43 702 га жерді алады, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер 20 346 га-ны құрайды. Ауылдық округ орталықтандырылған сумен жабдықталған, көгілдір отынмен де қамтылды.

Құрылыс жұмысына бюджеттен 276 млн теӊгеден астам қаражат бөлінген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны