31.08.2006, 13:07 7134

Ақтөбе облысында 1 қыркүйектен бастап көгілдір отын бағасы екі еседен астамға арзандайды

АҚТӨБЕ. 31 тамыз. Kazakhstan Today. 2006 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ақтөбе облысында тұтынатын газ бағасы екі еседен астамға арзандайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, бағаны төмендетуге облыс әкімшілігі, "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ және "ҚазТрансГаз Дистрибюшн" АҚ арасында Ақтөбе облысын көгілдір отынмен қамтамасыз етудегі жеңілдіктер туралы жасалған үш жақты келісім- шарт ықпал еткен.

Белгіленген есеп бойынша, тұтынушылар үшін ілеспе мұнай газдың бір мың текше метрінің жылдық бағасы 4162 теңгені құрайды. Бұл табиғи газдың қазіргі бағасынан 2,4 раза есе арзан.

Сондай-ақ, көгілдір отынды тұтынушылардың басым бөлігі -облыс орталығының , Хромтау, Шалқар және Қарғалы аудандарының тұрғындары (100 мыңнан астам абонент ), олар осы уақытқа дейін қымбат табиғи газды пайдаланып келді, енді облыс тарихында алғаш рет ілеспе мұнай газ берілетін болады.

Ақтөбе облысында шамамен 690 мың адам тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны