08.10.2018, 12:36 4531

Ақтөбе облысында "Билетсіз жүріс жоқ" акциясы жүргізілуде

Осы кезеӊде 13 жолаушылар пойызы тексерілді, олардыӊ ішінде Қазақстан Республикасыныӊ 8 поезы, 4 ТМД елдерініӊ және 1 "Сарыарқа компаниясы" ЖШС жекеменшік поездары бар.

Ақтөбе. 8 қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп "Билетсіз жүріс жоқ" акциясы жүргізілуде.

Осы кезеӊде 13 жолаушылар пойызы тексерілді, олардыӊ ішінде Қазақстан Республикасыныӊ 8 поезы, 4 ТМД елдерініӊ және 1 "Сарыарқа компаниясы" ЖШС жекеменшік поездары бар. Тексерістіӊ қорытындысы бойынша 19 жолаушы билетсіз жүргендігі анықталған, оныӊ ішінде ҚР-да 2 жолаушы және ТМД елдерініӊ пойыздарында 17 жолаушы. Сонымен қатар, ҚР пойыздарында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багаждарын тасымалдау ережелерін бұзу анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша 6 әкімшілік іс қаралып (оныӊ ішінде: 3 - 623-баптыӊ 3-тармағына сәйкес, 1 - 623-баптыӊ 4-тармағына сәйкес, 2 - 571-баптыӊ 4-тармағына сәйкес), 103415 теӊге мөлшерінде айыппұлдар салынды.

Сонымен қатар, 4-5 қазан аралығында Департамент қызметкерлері көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, Ақтөбе-Маӊғышлақ бағыты бойынша жүретін поезда рейд өткізіп, нәтижесінде вагондарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жағдайлардыӊ қамтамасыз етілмегендігі және төсек төсеніштерініӊ пайдаланған мерзімін анықтау мүмкіндігі болмады. Сондай-ақ, жолаушылардыӊ билеттерінде жеке басын куәландыратын мәліметтердіӊ жоқтығы анықталды.

Аталған рейд жүйелі негізінде жүргізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны