11.06.2018, 16:20 5860

Ақтөбе облысында ғұн заманыныӊ бірегей көмінділері табылды

Халықтардыӊ Ұлы қоныс аударуы заманыныӊ бірегей көмінділері бар археологиялық қазбаларды Ақтөбе қаласыныӊ жанындағы карьердегі жұмыс кезінде маусымныӊ басында ақтөбелік археологтар кездейсоқ тапты.

Ақтөбе. 11 маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында ғұн заманыныӊ бірегей көмінділері табылды. Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысыныӊ тарихи-өлкетану мұражайыныӊ директоры Мейрам Дүйсенғали хабарлады.

Халықтардыӊ Ұлы қоныс аударуы заманыныӊ бірегей көмінділері бар археологиялық қазбаларды Ақтөбе қаласыныӊ жанындағы карьердегі жұмыс кезінде маусымныӊ басында ақтөбелік археологтар кездейсоқ тапты.

"3-4 маусымда археологтар ғұн заманыныӊ бірегей көмінділері зерттелінді. Көміндіні "Ақтөбе кристалл су" ЖШС шөмішті тиегіш жүргізушісі топырақ тиеу кезінде тапты. Кәсіпорын басшысы табылған зат туралы құқық қорғау органдарына бірден хабарлады. Зат шыққан жерді және табылған артефактілерді облыстық тарихи-өлкетану мұражайыныӊ және облыстық тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығыныӊ археологтары қарағаннан кейін көміндініӊ шамамен біздіӊ заманымыздыӊ ІІ-ІV ғасырларына келетіні анықталды", - деді Мейрам Дүйсенғали.

Спикердіӊ айтуынша бірегей зат табылған жерде ғұн жауынгері өзініӊ атымен бірге жерленген. Ол қоғамда жоғары мәртебелі болған болуы керек. Жерленген жауынгердіӊ жанынан тастармен безендірілген темір қылыш, сол сияқты табақ алтынмен қапталған ер және оныӊ киімін әшекейлеген алтын айылбас табылғаннан кейін археологтар осындай шешімге келді.

"Осы бірегей олжа әрбір археологтыӊ арманы болып табылады. Ондағы бұрынғы халықтар, техникалар, сол уақыттарда пайдаланылған көркемдік база туралы ақпараттар Қазақстанныӊ мәдени мұрасы үшін үлкен тарихи құндылыққа ие. Шын мәнінде бұл бірегей олжа. Мұндай артефактілер археологтыӊ өмірінде өте сирек кездеседі", - деп баса көрсетті И.Марғұлан атындағы археология институтыныӊ ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарыныӊ кандидаты Алексей Хаванский.

Археологтар карьердегі жұмысын жалғастыруда. Осы учаскедегі жұмысты аяқтаған соӊ жаӊа облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ғұн кезеӊіне арналған экспозиция ашылатын болады.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны