13.04.2018, 09:52 5373

Ақтөбе облысында құрылыс жасақтарына 5000-нан астам студенттер жұмысқа орналастырылатын болады

Көгалдандыру жөніндегі жұмыстарға 770 адам тартылатын болады. Осы мақсаттарға қосымша 11 млн.-нан астам теӊге бөлінді

Ақтөбе. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Студенттік құрылыс және көгалдандыру жасақтарыныӊ жұмысы туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Бұлбұл Елеусінова толығырақ айтты.

"Ақтөбе қаласында 1669 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Облыс аудандарында да осындай жұмыстар жүргізілетін болады. Ол жерде 16-дан 29 жас аралығындағы 3800-ден астам жастар құрылыс жасақтарына орналаса алады. Олар жұмысқа үш бағыт: көгалдандыру, көркейту және құрылыс бойынша тартылатын болады. Мамырда 915 адамды құрылыс және басқару компанияларына жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Жасақтар жыл бойына жұмыс істейтін болады", - деді Бұлбұл Елеусінова.

Көгалдандыру жөніндегі жұмыстарға 770 адам тартылатын болады. Осы мақсаттарға қосымша 11 млн.-нан астам теӊге бөлінді.

Еӊбекақы көлемі 50-55 мыӊ теӊге құрайды. Бірінші кезекте тұрғындардыӊ әлеуметтік осал топтарыныӊ, аз қамтылған отбасылар балаларын жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Тізімді жастар ресурстық орталықтары арқылы жасайтын боламыз", - деп толықтырды табиғи ресурстар және табиғатты қорғауды реттеу басқармасы басшысыныӊ орынбасары Асхат Кубенов.

Маусымныӊ салтанатты жабылуы Ақтөбеде өтеді.Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны