18.08.2006, 13:12 3140

Ақтөбе облысында санитарлық-техникалық нормаларды бұзуға байланысты "Феникс" атты қалалық балалар клиникасының жұмысы тоқтатылды

АҚТӨБЕ. 18-тамыз. Kazakhstan Today. Ақтөбе облыстық санитарлық дәрігерлер "Феникс" атты қалалық балалар клиникасының жұмысын тоқтатып, аурхананы тексеру қорытындысы бойынша материалдарды ауданаралық экономикалық сотқа тапсырды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық санитарлық-эпидемиологиялық мемлекеттік қадағалау департаментінен хабарлады.

Оның жұмысын тоқтатуға "Феникс" ауруханасының тазалық ахуалына жуырда жүргізген тексеру себеп болған, оның барысында тазалық талаптарын бұзуға қатысты көптеген деректердің беті ашылды.

Санитарлық дәрігерлердің мәліметіне сәйкес, жаңа туған шараналардың патологиясы бөлімшесі мен соматия және пульмонология бөлімдерінің санитарлық ахуалы мүлдем нашар болып шықты. Мәселен, ғимараттың сылақтары түскен, төбелерінен су ағу белгілері бар, терезенің жақтаулары мен алдының бояулары ісіну салдарынан жарылып кеткен. Кейбір палаталардың қабырғалары мен төбесі көгеріп кеткен. Бөлмелердің бәрінің еденіндегі линолемдері тозып, жыртылып қалған. Бұл дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге кедергі келтірмек. Ал осы жерге ерекше күтімді қажет ететін әлжуаз шараналар жатқызылады, дейді дәрігерлер. Сонымен бірге, облыстық департаменттен хабарлауынша, балалар ауруханасының аспап-құралдарының пайдаланылу мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. "ЖиҺаздар да әбден тозған, өзгертуді талап етеді. Матрацтар мен жастықтар Кеңестік кезеңнен бері өзгертілмеген. Ал бұл тазалық талаптарын өрескел бұзу болып табылады",- дейді дәрігерлер.

Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық мемлекеттік қадағалау департаментінен хабарлағанындай, Ақтөбенің ауданаралық экономикалық соты аталмыш емдеу мекемесін кемшіліктерді жойғанға дейін жаба тұру туралы шешімді келесі аптада қабылдауға тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны