18.01.2008, 16:44 3234

Ақтөбе облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Ақтөбе облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Ақтөбе. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтбе облысының Қарғалы ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық білім департаментіне сілтеме жасай отырып.

Облыстық білім департаментінің ақпараттарына сүйенсек, жаңа мектеп бұрын апаттық жағдайда тұрған ғимарттың орнына салынған. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 262,9 млн теңге бөлінген. Осы қаржыға тендерді жеңіп алған "МастерСтройАльянс" компаниясы 464 орынды оқу ғимаратын салған.

"Мектептің жалпы алаңы 4,6 мың шаршы метрден асып жығылады, онда волейбол, футбол және баскетбол алаңдары да бар",- деп хабарлады департаменттегілер. Сонымен қатар, жаңа ғимарат кітапханамен, зертханалармен және арнайы кабинеттермен жабдықталған.

Департаменттегілердің айтуынша, бүгінде облыста барлығы 472 мектеп бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны