11.01.2019, 14:17 6405

Ақтөбе облысында Жастар жылы аясында 300-ден аса іс-шара өтеді

Атап айтқанда, өӊірде халықаралық еріктілер форумы, 10-шы жазғы республикалық универсиада, жас кәсіпкерлер форумы, "Жігер" әскери-патриоттық лагері және т. б. өтеді.

Ақтөбе. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында Жастар жылы аясында 300-ден аса іс-шара өтеді.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда Ақтөбе облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасыныӊ басшысы Нұрлан Күнтуов мәлімдеді.

"Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттыӊ басымдығы болуы тиіс. Біздіӊ өӊірде Қазақстанныӊ болашағын қолдау үшін барлық шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, ағымдағы жылы 14-29 жас аралығындағы 200 мыӊнан астам ақтөбелік жастарды қамтитын 300-ден аса шара өтеді", - деді Нұрлан Күнтуов.

Спикер өӊірде Жастар жылын өткізу және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды.

Іс-шараларды ұйымдастыру кезінде халықаралық жастар ынтымақтастығын, еріктілер қозғалысын дамытуға, қоғамдық сананы жаӊғырту шеӊберінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге, мәдени, азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарға баулуға, жастардыӊ кәсіпкерлігін дамытуға баса назар аударылатын болады. Сондай-ақ, жастарды діни сауаттандыру, олардыӊ құқықтық мәдениетін арттыру, жастарды жұмыспен қамту және кәсіби бағдар беру бағыттары бойынша жұмыстар күшейтіледі", - деді басқарма басшысы.

Атап айтқанда, өӊірде халықаралық еріктілер форумы, 10-шы жазғы республикалық универсиада, жас кәсіпкерлер форумы, "Жігер" әскери-патриоттық лагері және т. б. өтеді.

Айта кетейік, Жастар жылыныӊ қарсаӊында 2018 жылдыӊ қараша айында Ақтөбеде алғаш рет "Jas barys" атты облыстық жастар форумы өткізілген болатын. Форум барысында барлық қазақстандық жастарға арнап үндеу жолданды. Ақтөбеліктер қазақстандық жастарды Отанымыздыӊ патриоты болуға, сапалы білім мен қолжетімді тұрғын үй алу үшін мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға, мемлекеттіӊ дамуына барлық күш-жігерлерін салуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны