07.03.2008, 18:08 2836

Ақтөбе облысының әкімі үш бала туған от басыларына жаңа пәтерлердің құжаттарын табыс етті

Ақтөбе облысының әкімі үш бала туған от басыларына жаңа пәтерлердің құжаттарын табыс етті

Ақтөбе. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі үш бала туған екі отбасына жаңа пәтірлердің құжаттарын табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Икімнің баспасөз хатшысы Валентина Ускова хабарлағанындай, мемлекеттік баспана қорынан үш бөлмелі екі пәтер Оксана Мұхранова мен Алия Айтмұхамбетоваға бөлінді.

"Изірге оларға тек құжаттар табыс етілді, ал жаңадан тұрғызылып жатқан жаңа баспанаға олар балаларымен бірге осы жылдың жазында қоныстанады ", - деп атап өтті В.Ускова.

Баспасөз хатшының айтуынша, сыйлықтар, ақшалай сый және алғыс хаттары мереке күніне орай белсенді әйелдерге тапсырылды.

"Олардың басым көпшілігі көп балалы аналар, құрметті ұстаздар, полиция қызметін атқарып жүрген әйелдер, дәрігерлер, кәсіпкерлер және тағы басқалары",- деп түсіндірді В. Ускова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны