16.03.2018, 22:24 3821

Ақтөбе облысыныӊ Алға ауданындағы шағын кент "болашақ ауылына" айналдырылмақшы

Бұл өзгерістер Алға ауданыныӊ Маржанбұлақ кентіне қатысты болмақ. Ол Ақтөбеден 25 шақырым жерде орналасқан, қазір онда 3,5 мыӊға дейін адам тұрады

Ақтөбе. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Бұл өзгерістер Алға ауданыныӊ Маржанбұлақ кентіне қатысты болмақ. Ол Ақтөбеден 25 шақырым жерде орналасқан, қазір онда 3,5 мыӊға дейін адам тұрады. "Болашақ ауылы" туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Алға ауданыныӊ әкімі Нағымжан Алдияров айтты.

"Бәрінен бұрын, заманауи қасбеттері бар жаӊа үйлер, сондай-ақ, әлеуметтік маӊыздағы жаӊа нысандар салынады. Бұл - мәдениет үйі, емханалар, балалар алаӊдарын орнатады. Олар жаӊа жерде тұрғызылатын болады, жер учаскелері қарастырылған. Қазііргі кезде аудандық әкімдікте жоспары мен жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда", - деді ауданыныӊ әкімі.

Аса маӊызды мәселе - Ақтөбе-Астрахань автожолын салу да назардан тыс қалған жоқ. Аудан аумағынан республикалық маӊыздағы жолдыӊ 41 шақырымы өтеді, ол толықтай жаӊартылатын болады.

Мемлекеттік-жеке әріптестік аясында Қарағаш ауылдық округініӊ Самбай ауылында 100 орындық балалар бақшасын салу жоспарланған.

"Туған жерге тағзым!" акциясы бойынша демеушілік қаржы есебінен жалпы сомасы 301 миллион теӊгеге 62 жоба іске асырылатын болады.

Ақтөбе облысыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны