30.05.2008, 17:38 3142

Ақтөбе облысының барлық аудандарында жыл соңына дейін ұлттық-мәдени орталықтар ашылады

Ақтөбе облысының барлық аудандарында жыл соңына дейін ұлттық-мәдени орталықтар ашылады

Ақтөбе. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының барлық аудандарында жыл соңына дейін ұлттық-мәдени орталықтар ашылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі уақытта алғаш рет өңірдің үш ауданында - Хромтау, Мартық және Хобда аудандарында ұлттық-мәдени орталықтар құрылды. Бұл облысымыздың мәдени өміріндегі қуанышты оқиға екендігінде сөз жоқ. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде осы секілді орталықтарды құру қажеттігі туындап отыр", - деп хабарлады облыстық Достық үйінің директоры Жеңісбек Қалқабеков.

Осы себепті Ж. Қалқабековтың айтуынша, облыста құрылған Достық үйінің рөлі шексіз.

"Изірге Достық үйінің өз ғимараты жоқ. Дегенмен, маусым айында тендер өтеді. Содан кейін біздің типтік ғимаратымыз анықталады да, онда жөндеу жұмыстары басталады", - деп атап көрсетті директор.

"Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, Достық үйінде бір шатырдың астында 15 ұлттық-мәдени орталығы бірге жұмыс істейді деп көзделіп отыр. Олардың өздерінің репетициялық, хореографиялық және компьютерлік залдары, сондай-ақ, нағыз көрермендер залы бар сахналары болады", - деп хабарлады Ж. Қалқабеков.

"Осы жерде театр костюмдері тігіледі. Ал халық ансамблі атағын алған екі ансамбль (татар-башқұрттың "Язгы Монлар" және украинаның "Оксана") бюджеттен қаржыландырылатын болады", - деп атап көрсетті Ж. Қалқабеков.

Ал аудандық ұлттық-мәдени орталықтарға келер болсақ, облыстық Достық үйі "олар жергілікті мәдениет сарайларында орналасатынын және олардың жұмысын Достық үйі үйлестіріп отыратынын" хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны