01.07.2008, 19:36 2933

Ақтөбе облысының басшылығы ауыз судың бірегей көзі Көкжидені сақтап қалмақ ниетте

Ақтөбе облысының басшылығы ауыз судың бірегей көзі Көкжидені сақтап қалмақ ниетте

Ақтөбе. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының басшылығы жанында мұнай өндіріліп жатқан ауыз судың бірегей көзі Көкжидені сақтау мәселесінде өз тұғырнамаларынан бір қадам да шегінбейтіндерін көрсетіп отыр. Бұл туралы баспасөз-брифингі барысында Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз ондағы жағдайды саралау үшін тәуелсіз комиссия құрдық. Оған арнайы қаражат бөлінген. Комиссия ол жер шынымен де ластанған ба және бұлаққа бұрғылау жұмыстары қаншалықты әсер ете алады деген сауалдарға жауап іздейді", - деп атап көрсетті әкім.

Е. Сағындықов атап өткендей, қазіргі басшылық Көкжидені ластауға ешкімге де мүмкіндік бермейді. Ауыз судың ұлан-ғайыр қорының арқасында бұл жер арнайы үкіметтің ерекше қорғалатын аймақтар тізіміне енгізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны