16.03.2018, 22:48 4271

Ақтөбе облысынында пилоттық жобада жаӊа заманауи ауыл пайда болады

Қазіргі таӊда болашақ ауылыныӊ бас жоспары әзірленді. 300 гектар аумақта орналасатын жаӊа ауыл Бастау деп аталатын болады. Онда бір және екі қабаттан тұрактын 854 үй салу жоспарлануда

Ақтөбе. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысынында пилоттық жобада жаӊа заманауи ауыл пайда болады. Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында өткен баспасөз конференциясында Алға ауданыныӊ әкімі Нағымжан Алдияров мәлімдеді.

Жаӊа заманауи ауыл Ақтөбе қаласынан 25 шақырым жерде орналасатын болады. Барлық инженерлік желілері тартылып, ауылға қажетті әлеуметік нысандары болады.

"Бәрінен бұрын, заманауи қасбеттері бар жаӊа үйлер, сондай-ақ, әлеуметтік маӊыздағы жаӊа нысандар салынады. Бұл - мәдениет үйі, емханалар, балалар алаӊдарын орнатады. Олар жаӊа жерде тұрғызылатын болады, жер учаскелері қарастырылған. Қазііргі кезде аудандық әкімдікте жоспары мен жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда", - деді ауданыныӊ әкімі. Қазіргі таӊда болашақ ауылыныӊ бас жоспары әзірленді. 300 гектар аумақта орналасатын жаӊа ауыл Бастау деп аталатын болады. Онда бір және екі қабаттан тұрактын 854 үй салу жоспарлануда.

Ақтөбе облысыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны