05.08.2008, 10:01 5283

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы тері-венерологиялық диспансерді күрделі жөндеуге 25 млн теңге бөлді

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы тері-венерологиялық диспансерді күрделі жөндеуге 25 млн теңге бөлді

Ақтөбе. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі жалғыз тері-венерологиялық диспансерді күрделі жөндеуге 25 млн теңге бөлді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі уақытта бұл ақшаға жалпы алғанда 80 төсекке арналған диспансердің жартысы толығымен жөнделді", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Самат Данияров. "Биыл шамамен осындай ақшаға қалған жартысын жөндеуді көздеп отырмыз. Содан кейін диспансердің емханасын қолға аламыз", - деп атап көрсетті ол.

Өңірдегі жалғыз облыстық тері-венерологиялық диспансер 1900 жылы салынған бұрынғы патшалық ат қораның ғимараты екендігі белгілі. Ол тарих және сәулет ескерткіші болып табылады. Осыған байланысты заңмен қорғалады. Алайда, соңғы жылдары өне бойына сызат түсіп, кей жерлерінде уатыла бастағандықтан Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың облыстық департаменті оның жабылуына қол жеткізген болатын. Осыдан кейін денсаулық сақтау басқармасы ғимаратты күрделі жөндеуді бастап кеткен еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны