30.11.2007, 11:02 2756

Ақтөбеде 300 млн теңгеден астам көлемдегі салықты төлеуден жалтарды деген күдікпен екі жалған кәсіпкер ұсталды

Ақтөбеде 300 млн теңгеден астам көлемдегі салықты төлеуден жалтарды деген күдікпен екі жалған кәсіпкер ұсталды

Ақтөбе. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде 300 млн теңгеден астам көлемдегі салықты төлеуден жалтарды деген күдікпен екі жалған кәсіпкер ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, тергеу барысында күдіктілердің коммерциялық ұйым құрып, әділет органдарында тіркегендігі белгілі болған. "Олар бұл үшін бөтен адамдардың жоғалған жеке куәліктерін пайдаланған және құжатын жоғалтқан адам өзінің атына фирманың тіркелгендігі туралы хабарсыз болған",- деп хабарлады мекемедегілер.

Қаржы полициясының мәліметтеріне сүйенсек, күдіктілер одан әрі құрылған фирма арқылы ақшаны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға кіріскен, және де өздерінің жарғылық іс-қызметімен - ғимараттар салумен мүлдем айналыспаған.

Сөйтіп, күдіктілер қысқа мерзім ішінде барлығы 1 миллиардтан астам теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып үлгерген, осының салдарынан төленбеген салық ретінде мемлекетке 300 млн теңгеден астам шығын келген. Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторына қамалып, олардың үстінен қозғалған қылмыстық іс айыптау қорытындысымен облыстық прокуратураға жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны