16.02.2018, 17:36 6469

Ақтөбеде балалар онкогематологиялық орталығын ашу жоспарланып отыр

Ақтөбеде Ақтөбе медициналық кластерін әрі қарай дамыту аясында балалар онкогематологиялық орталығын ашу жоспарланып отыр

Ақтөбе. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбеде Ақтөбе медициналық кластерін әрі қарай дамыту аясында балалар онкогематологиялық орталығын ашу жоспарланып отыр.

Жобаны жүзеге асыру мәселесі өӊір басшысы Бердібек Сапарбаев пен әлемдегі жетекшібалалар онкогематологы, "Шаритэ" университеттік медициналық кешенініӊ профессоры (Германия) Гюнтер Хенценіӊ кездесуінде талқыланды.

"Елбасы тапсырмаларына сәйкес Қазақстанда денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ ауқымды жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған халықтыӊ өмір сүру ұзақтығыныӊ өскендігі дәлел. Бұл жерде әрине, дәрігерлердіӊ еӊбегі зор. Сіздер балаларды емдеп, олардыӊ өмірлерін құтқарып ұлы іс атқарып жатсыздар", - деді Б. Сапарбаев.

Өӊір басшысы өӊірдегі медицинаныӊ дамуында айтарлықтай жетістіктер барын айтып, алдыӊғы қатарлы технологияларды енгізе отыра, халыққа медициналық көмек көрсету сапасын әрі қарай арттыру, кәсіби мамандарды даярлау,тиімді түрде емдеу, ауруды ерте кезінде анықтап, оныӊ алдын алу қажеттігін атап өтті.

"Біздіӊ міндетіміз - онкологиялық ауруға шалдыққан балалардыӊ жоғары дәрежелі медициналық көмек алуы үшін барлық жағдайды жасау. Келешекте мұнда Батыс Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінен келетін балалар ем алатын болады", -деп қосты ол.

Өз кезегінде профессор Хенце Ақтөбедегі жобаныӊ жүзеге асырылу мүмкіндігіне жоғары баға беріп, мамандарды даярлауда жәрдем беруге дайын екендігін білдірді.

"Бірнеше күн бойы біз облыстық балалар ауруханасындағы жағдайды зерттедік. Меніӊ ойымша, бастапқы мүмкіндіктер өте жақсы. Онкологиялық орталықтар өзге бөлімшелермен бірге жұмыс жасаулары керек, өйткені, қатерлі ісікті емдеу кезінде түрлі саланыӊ мамандары тартылады", -деп түсіндірді ол.

Денсаулық сақтау саласыныӊ басшысы Исет Қалиевтіӊ мәліметіне қарағанда бүгінгі күні өӊірде онкологиямен ауыратын 167 бала бар. Жыл сайын балалар арасында жаӊа дерттіӊ 30-35, елдіӊ батыс облыстарында шамамен 140 жағдайы тіркеледі.

Қазақстанда қазіргі таӊда балалар қатерлі ісігін емдеумен тек Астана мен Алматыдағы мамандандырылған екі орталық қана айналысады. Мәселен, Германияда олардыӊ елу шақтысы бар. Сондықтан, аталмыш орталықтыӊ Ақтөбеде салынуы мейлінше өзекті болып тұр.

Гюнтер Хенценіӊ есімі дүние жүзіндегі балалар онкогематологиясыныӊ дамуымен байланысты. Ол жедел лимфобластикалық лейкемия мен ходжкиндік емес лимфаны емдеу хаттамасыныӊ авторы. Оныӊ ғылым мен денсаулық сақтау тәжірибесіне қосқан үлесініӊ арқасында 1990 жылы Германияда балалардыӊ онкопотологиясын емдеп жазу 70%-ға жетті. 1998-2011 жылдары балалар онкологиясыныӊ халықаралық қоғамын басқарды. 2012-2016 жылдары Қазақстанда заманауи бағдарламаларды бейімдеу мен балалар онкологиясын емдеу мәселелеріне жетекшілік етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны