12.12.2008, 15:38 1527

Ақтөбеде героин контрабандасы үшін Өзбекстан азаматына өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Ақтөбеде героин контрабандасы үшін Өзбекстан азаматына өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Ақтөбе. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе қалалық соты героин контрабандасымен айналысқаны үшін Өзбекстан азаматына өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі көліктегі Батыс ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

45 жастағы Өзбекстан азаматын тәртіп сақшылары Ташкент - Мәскеу бағытындағы жолауышлар пойызынан қарашада ұстаған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тексеру кезінде одан бір граммнан астам героин табылған. Алайда, кейін оның өз асқазанында тағы жалпы салмағы 55,25 грамм 4 капсула жасырғаны белгілі болған. Ол есірткіні Мәскеуге жеткізбек болған.

"Бұл Ақтөбе облысының тарихында есірткі тасымалдаушыға қатысты қолданылған осындай тұңғыш қатаң жаза",- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны