15.12.2008, 13:52 1623

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бірінші көп қабатты үй пайдалануға берілді

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бірінші көп қабатты үй пайдалануға берілді

Ақтөбе. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде кеше мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бірінші көп қабатты үй пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Жаңа пәтерлердің кілтін табыс ету рәсімінде Ақтөбе облыстық мүгедектердің құқығын қорғау қоғамының төрайымы Құралай Бәйменованың айтуынша, "жаңа үйде пандустар, арбада отыратын мүгедектердің қозғалысына арналған тоқсатылар, кең дәліздер мен бөлмелердегі тұтқалар тәрізді мүгедектерге арналған барлық дүниелер бар".

Үйде барлығы тиісінше 53 және 76 шаршы метрлік аумағы бар 14 бір бөлмелі және 19 екі бөлмелі пәтерлер бар. Мүгедектерге барлық 33 пәтер бөлінді.

Бірінші қабатта мүгедектерге арналған сауықтыру орталығын ашу жоспарланған: онда кеңсе, массаж кабинеті мен спорт залы орналасады.

Құрылыстық бас мердігері - "Контакт" ЖШС. Үй екі жылда салынып, оған 197 млн теңге жұмсалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны