28.10.2018, 14:27 6144

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазақша КВН ойындары өтті

Ақтөбеде 23-24 қазан аралығында облыстыӊ еӊ үздік командаларыныӊ қатысуымен тұӊғыш рет сыбайлас жемқорлық тақырыбында жоғары лига ? финалдық ойындары өтті.

Ақтөбе. 28 қазан. Kazakhstan Today -Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазақша КВН ойындары өтті.

Ақтөбеде 23-24 қазан аралығында облыстыӊ еӊ үздік командаларыныӊ қатысуымен тұӊғыш рет сыбайлас жемқорлық тақырыбында жоғары лига ? финалдық ойындары өтті.

Ақтөбе облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, жастар саясаты басқармасыныӊ және "Қазақстан КВН одағы" облыстық филиалыныӊ ұйымдастыруымен Астана қаласыныӊ 20 жылдығына және Мемлекеттік қызмет органдарыныӊ 20 жылдығына арналған сайыста 7 команда бақ сынасты.

"Коррупциясыз болашаққа" деп ұрандатқан С. Байшев атындағы құрама, "Осал емес", "Феномен", "35 ойшылдары", "Сөз жоқ", "Дежавю", "Жұбанов құрамасы" атты командалар ел дамуына кесірін тигізетін індеттіӊ қоғамда алатын орнын, онымен қалай күресу қажеттілігін көрермендерге әзіл арқылы жеткізуге тырысты.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысыныӊ орынбасары Рафхат Бисеновтыӊ айтуынша, бұл шара Елбасы жолдауында аталып өткен сыбайлас жемқорлықтан ада өӊірге айналу жолында іске қосылған "Ақтөбе - адалдық алаӊы" жобасы аясында өткізілуде.

"Біз өскелеӊ ұрпақтыӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруда ерекше рөлін ескере отырып, бүгінгі шараны ұйымдастыруды ұсындық. Сол арқылы қоғамда, елімізде, әлемде белеӊ алып отырған өзекті мәселені көтеріп, ащы әзіл арқылы әр азаматқа жеткізгіміз келеді",- деді Р.Бисенов.

Ойын нәтижесінде жоғары лига ? финалдық ойындарыныӊ жеӊімпазы болып "Сөз жоқ" командасы танылып, Ақтөбе облысы жоғарғы лига чемпионы атағына ие болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны