19.04.2011, 11:50 3885

Ақтөбеде учаскелік полицей 10 мың теңге ұрлағаны үшін бес жылға сотталды

Ақтөбеде учаскелік полицей 10 мың теңге ұрлағаны үшін бес жылға сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе. 19 - сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбеде учаскелік полицей 10 мың теңге ұрлағаны үшін бес жылға сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласының ІІБ Сазды ПБ учаскелік полиция қызметкерінің үстінен қызмет бабын асыра пайдалана отырып, 10 мың теңге көлемінде ақша ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

Аталмыш қылмыстық іс бойынша Ақтөбе қаласының № 2 сотының үкімімен учаскелік полицей "Алаяқтық" бабы бойынша кінәлі деп табылып, мүлкін тәркілеумен қатар бес жылға бас бостандығынан айырылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, 18-сәуір күні Қызылорда облысында Арал АІІБ бастығының орынбасары алаяқтық жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны