30.05.2018, 22:21 3932

Ақтөбеде "Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" арнайы жобасы кітаптарыныӊ тұсаукесері болды

Аудармалар түпнұсқа тілден іске асырылды. 18 оқулықтыӊ он алтысы ағылшын тілінен, біреуі - француз және енді біреуі орыс тілінен аударылды. Аударма үшін оқулықтар белгілі бір критерийлер бойынша таӊдалынды.

Ақтөбе. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы аясында "Рухани жаӊғыру" жобалық офисініӊ жаӊа кітаптарыныӊ тұсауы кесілді. Бүгінгі күні 10 мыӊ дана таралыммен философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология және журналистика сияқты пәндер бойынша 18 оқулық аударылып, жарыққа шығарылды.

"Жыл аяғына дейін әлі де 30 кітапты аудару жоспарланып отыр. 2018 жылғы қыркүйектен бастап олардыӊ барлығы оқу үрдісінде қолданылатын болады. Бұл оқулықтардыӊ электронды нұсқасы Ұлттық аударма бюросыныӊ сайтына салынатын болады, онда қызығушылық танытқан адамдардыӊ барлығы оларды тегін пайдалана алады", - деді Ақтөбе облысыныӊ "Рухани жаӊғыру" жобалық офисініӊ бас менеджері Нұрлыхан Хасенов.

Аудармалар түпнұсқа тілден іске асырылды. 18 оқулықтыӊ он алтысы ағылшын тілінен, біреуі - француз және енді біреуі орыс тілінен аударылды. Аударма үшін оқулықтар белгілі бір критерийлер бойынша таӊдалынды.

"Біріншіден, олар әлемніӊ жүз университетініӊ оқу бағдарламаларында қолданылуы тиіс, екіншіден, кітап кемінде үш рет қайта басылып шығуы тиіс және үшіншіден, оқулық мазмұны жағынан идеологиялық бейтараптық талаптарына сәйкес келуі керек. Аудару процесіне мамандар арасынан 40 үздік аудармашы тартылды", - деп сөзін жалғастырды Нұрлыхан Хасенов.

Ақтөбе облысыныӊ жоғарғы оқу орындары бүгінгі таӊда 6422 дана кітап алды. ЖОО мен АООО-да, сондай-ақ, Ақтөбе облысыныӊ аудандарында "Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" арнайы жобасы бойынша алғашқы 18 кітаптыӊ тұсаукесері болды, онда ғалымдар мен студенттер арасында оӊ пікірлерге ие болды.

"Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры құрылған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны