25.06.2018, 22:43 5291

Ақтөбеде "Жұбановтар әуені - 2018" халықаралық хор музыкасыныӊ фестивалі басталды

Қазақ кәсіби музыка өнерініӊ негізін салушы, академик Ахмет Жұбанов пен Қазақстанныӊ және КСРО-ныӊ халық әртісі, композитор Ғазиза Жұбанованыӊ шығармаларын насихаттау мақсатында ірі іс-шара өтуде.

Ақтөбе. 25 маусым. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" Бағдарламалық мақаласыныӊ аясында және қалыӊ жұртшылықты Қазақстанныӊ, алыс және жақын шетелдердіӊ осы заманғы хор музыкасы өнерімен таныстыру, хор музыкасыныӊ түрлі бағыттары мен ағымдарын танымал ету, хорды орындаушылық кәсіби дағдылары мен біліктеріне ие таланттарды анықтау, сондай-ақ, қазақ кәсіби музыка өнерініӊ негізін салушы, академик Ахмет Жұбанов пен Қазақстанныӊ және КСРО-ныӊ халық әртісі, композитор Ғазиза Жұбанованыӊ шығармаларын насихаттау мақсатында ірі іс-шара өтуде.

Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Қазақстанныӊ халық әртісі, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты,Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясыныӊ хор жүргізу кафедрасыныӊ меӊгерушісі Базарғали Жаманбаев айтты.

Оныӊ айтуынша, фестивальді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігініӊ қолдауымен мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы өткізуде.

Қазылар алқасыныӊ құрамына Қазақстанныӊ халық әртісі, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреатыБазарғали Жаманбаев, ресейлік музыкант, дирижёр, Ресей Банкініӊ Академиялық хорын құрушы Борис Тараканов, А.Герцен атындағы Ресей Мемлекеттік Педагогикалық университетініӊ профессоры Сергей Екимов, дирижёр, композитор, Даугавпилс театрыныӊ музыкалық директоры Евгений Устинсков және басқалары кіреді.

Фестивальге Қазақстан мен Ресейден 7 хор ұжымы қатысады. Олардыӊ арасында "Петербургские серенады" Царскосельский камералық хоры, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясыныӊ "Камертон" хор ұжымы, Д.Нұрпейісова атындағы Халықтық музыка академиясы жанындағы музыкалық колледждіӊ аралас хоры, "Оренбургский камерный хор" муниципальді автономиялық мекемесі, гуманитарлық колледждіӊ "Япырай" аралас хоры, А.Шнитке атындағы облыстық филармонияныӊ хор музыкасы театры, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияныӊ Қазақ камералық хоры бар.

Фестивальге қатысушылар екі күн бойына Ахмет және Ғазиза Жұбановтардыӊ шығармаларын орындайтын болады.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны